Ұлттық рух — тәуелсіздік тірегі
ҰЛТТЫҚ РУХ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ
“Жалпы білім беретін №21 Жамбыл атындағы орта мектеп” КММ-де “16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне” орай ашық сынып сағаттар өткізілді!
Сынып сағаттардың басты мақсаты: 1)оқушыларға Тәуелсіздіктің тарихи маңызы мен ұлттық рухтың құндылықтарын терең түсіндіру;
2)ұлттың болашағы үшін күрескен тәуелсіздік құрбандарының ерен ерліктерін насихаттай отырып,оны әр баланың жүрегіне терең сезіндіріп,олардың елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыру.
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 33 жыл толды.
Біз ешқашан еліміздің азаттығы үшін күрескен батырларымыздың есімдерін ұмытпауымыз керек! Тәуелсіздігіміз-ұлы мақтанышымыз!🇰🇿