«Мектеп формасы — баршаға ортақ»
«МЕКТЕП ФОРМАСЫ – БАРШАҒА ОРТАҚ»
Мектеп формасы – оқушы үшін ең маңызды элемент болып табылады, себебі бала көпшілік уақытын мектепте өткізеді. Мектеп формасы оқу процесінде зейінін тұрақтап шоғырлануға көмектеседі және басқа заттарға көңіл аудармауды тәртіптейді.Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді. Осы орайда 2024-2025 оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптармен таныс болыңыздар.
